Bugin
Жапонияның астанасы Токиода Танака Хироказу есімді 178 адам Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы JURNAL.İST басылымына сілтеме жасап.
Сайт мәліметінше, 2005 жылы АҚШ-та Марта Стюарт деген атпен 164 адамның рекордты кездесуін жаңарту үшін «Танака Хироказу Федерациясы» аттас адамдарды жинайды. Нәтижесінде Танака Хироказу есімді 3-80 жас аралығындағы 178 адам есімі мен фамилиясы бірдей болғандықтан, Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Бұған дейін федерацияның ресми өкілі Танака Хироказу 2011 жылы 71 адам, 2017 жылы 87 адамды жинайды. Алайда бұл әрекеті сәтсіз аяқталады. Биыл 178 адамды жинауы - Хироказудың үшінші әрекетінен кейінгі лайықты жеңісі.